Биыл «Болашақ» стипендиясын тағайындау конкурсының ережелері өзгереді. Бұл туралы Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен өткен республикалық комиссияның кезекті отырысында айтылды. Енді үміткерлер үш кезеңнен тұратын іріктеуден өтеді. Олар -кешенді тестілеу, сұхбат және Республикалық комиссияның ең жоғары ұпай жинаған қатысушыларды таңдауы. Конкурс қорытындысы бойынша комиссия еліміздің 225 азаматына халықаралық «Болашақ» стипендиясын тағайындау туралы шешім қабылдады. Орта есеппен бір орынға 4 үміткерден келді. Жаңа стипендианттардың 152-сі – магистратурада, 16-ы докторантурада оқиды. Ал 57 отандасымыз шетелдік университеттер мен орталықтарда кәсіби тағылымдамадан өтеді.