Биыл қаңтар айының зейнетақысы жаңа жылға дейін аударылады. Әлеуметтік желіде осындай ақпарат тарады. Бұған қатысты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ресми жауап берді. Бұл-жалған мәлімет. Себебі, индексацияны ескере отырып, қаңтар айының зейнетақысы әдеттегідей келер жылы төленеді. Құзырлалар жұртты фейк-ақпаратқа сенбеуге шақырды. Сондай-ақ, ерте аударымға қатысты хабарласып, код сұрағандарға жауап бермеуге және осыған қатысты сілтемелерді ашпауға кеңес береді.