"Kundelik" деректер жүйесінен оқушылар туралы мәлімет таралуына қатысты тергеу жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Сенат кулуарында Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Дмитрий Мун мәлімдеді. Ведомство өкілінің айтуынша, күнделік мемлекеттік жоба емес. Десе де, жасөспірімдердің деректері қатаң қорғалуы тиіс. Сондықтан, министрлік жүйенің толықтырылуы мен сынақтан өтуін қадағалайды.
ДМИТРИЙ МУН, ҚР ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ЖӘНЕ ЦИФРЛЫҚ ДАМУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:
Бұған дейін біздің ведомство айтқандай, қазір тергеу жүріп жатыр. Іс әлі аяқталған жоқ. Осы іс аясында барлық есеп-қисап ұсынылады. Тиісті шаралар алдағы уақытта мұндай жайт қайталанбас үшін уақытылы әрі жедел түрде қабылданды. Барлық кемшілік ескеріледі. Осының аясында барлық талаптың, ақпараттық қауіпсіздікті сақтау туралы заңның орындалғанына сараптама жасалады.