$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Павлодар мен Маңғыстауда балаларға арналған жаңа жылдық кеш өтті

AstanaTV
25.12.2025ж. 19:00
Павлодар мен Маңғыстауда балаларға арналған жаңа жылдық кеш өтті

Павлодар мен Маңғыстау облысында 300-ге жуық  балаға жаңа жылдық кеш ұйымдастырылды. Іс-шара барысында бүлдіршіндерге арналған концерттік бағдарлама қойылды. Ертегі кейіпкерлері балақайлардың  көңілін көтеріп, түрлі қойылым ұсынды. Іс-шараны «AMANAT»  партиясының филиалы ұйымдастырды.

Павлодарда 150-ге жуық  балаға жаңа жылдық кеш ұйымдастырылды. Кештің өтуіне облыстық мәслихат депутаты, «AMANAT» фракциясының мүшесі Гнел Акопян демеушілік көмек көрсетті. Ол 150 баланың отбасына  жаңа жылдық дастархан жаюға 30 мың теңгелік сертификат пен балаларға сый сыяпат жасады.

АСЫЛБЕК ТУҒАНБАЙ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Осы шараға 150-дей бала келіп қатысып отыр. Ол балалар мүгедектігі бар және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар. Жалпы осы жылы 1000-ға жуық балаға жаңа жылдық ойыншықтар, сыйлықтар үлестіруді жоспарлап отырмыз.

БОТАГӨЗ ИСАХАНОВА, АТА-АНА:

«AMANAT» партиясына алғысымыз шексіз, көп. Тек қана жаңа жылда ғана емес, мектепке дайындық шарасына шақырған. Бүгін міне жаңа жыл мерекесіне шақырып отыр. Биыл екінші жыл келіп жатырмыз.

Маңғыстау облысында да «AMANAT» партиясы филиалы және «Маңғыстаумұнайгаз» бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен «Жаңа жылдық серпантин» мерекелік іс-шарасы өтті. Мерекелік іс-шара әлеуметтік әлсіз санаттағы және көп балалы отбасылардың балалары қатысты.

ҒАНИ ӘБДІСАДЫҚ, «МАҢҒЫСТАУМҰНАЙГАЗ» БПҰ ТӨРАҒАСЫ:

Аяз атамен ертеңгілікке 100 баламыз қатысып көңіл көтерейін деп тұр. Оларға демеушілер атынан сыйлықтар таратылады. ән-күй, би, естелік суреттер болады. Мерекелік көңіл-күй тудыруға тырысамыз.

Жаңа жылдық кеш балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Бүлдіршіндер ертегі кейіпкерлерімен бірге қызықты ойындарға қатысып, мерекелік бағдарламаға белсене араласты. Іс-шара соңында әр балаға арнайы дайындалған сыйлықтар табысталды.