$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Оралдық еріктілер жұмысшыларға ыстық тамақ таратты

25.12.2025ж. 19:00
Оралдық еріктілер жұмысшыларға ыстық тамақ таратты

Оралдық еріктілер аязға қарамай еңбек етіп жүрген коммуналдық мекеме жұмысшыларына ыстық шәй мен бәліш таратты. Игі бастама көтерген жастар бұған дейін қоғамдық көлік жүргізушілерін қуантып, алғысына бөленген. Халықты бірлікке шақыратын қайырымдылық шарасы мұнымен тоқтап қалмай, жалғаса бермек. Қазір Оралда күн суытып, көлік қозғалысы баяулады. Бірақ көшені қардан тазалау жұмыстары тоқтаған емес. Сондықтан тұрғындар жыл он екі ай бойы шаһарды мұнтаздай қылып күтіп ұстаған жұмысшылардың қажырлы еңбегін ұмытпай, құрметпен қараса екен, дейді еріктілер.

ЗИНҰР ӨМІРОВ, КОММУНАЛДЫҚ КӘСІПОРЫН ҚЫЗМЕТКЕРІ:

Жігіттер қысы-жазы жұмыс жасайды ғой. Жазда күннің ыстықтығына қарамай, қыста күннің суықтығына қарамайды. Сол еңбектерін бағалап, келіп ыстық шәй беріп жатыр, пирәшкилерін беріп жатыр. Жігіттерге көп-көп рақмет! Мына жігіттерге мотивация беріп жатыр ғой. Шәй берудің өзі көңіл ғой.