$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райына байланысты тасжол жабылды

26.12.2025ж. 11:49
Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райына байланысты тасжол жабылды
Фото: istockphoto.com

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Қазақстанның үш облысында автожолдардағы қозғалыс уақытша шектелді. 

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ мәліметінше, боран, көрінудің нөлге дейін төмендеуі және қар аралас жаңбыр түріндегі жауын-шашын салдарынан енгізілген.

Республикалық маңызы бар автожолдардың үш учаскесінде қозғалыс тоқтатылды:

Абай облысында:

  • Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – Ресей Федерациясының шекарасы автожолының Қалбатау ауылы тұсынан Шығыс Қазақстан облысының шекарасына дейінгі бөлігі.

Шығыс Қазақстан облысында:

  • Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – Ресей Федерациясының шекарасы автожолының Абай облысының шекарасынан «Рубеж» бекетіне дейінгі учаскесі.

Жетісу облысында:

  • Үшарал – Достық автожолының Көктума кентінен Достық станциясына дейінгі аралығы.