$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Жеке меншік мектептер жаппай жабыла ма

26.12.2025ж. 13:36
Жеке меншік мектептер жаппай жабыла ма
Фото: Алматы әкімдігі

Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Серік Әшіров Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында жеке меншік мектептердің жаппай жабылатыны туралы ақпараттарға түсініктеме берді. 

Серік Әшіров Білім беру туралы заң мектептер меншік иесіне қарамастан ортақ ережемен жұмыс істейтінін еске салды.

— Жеке меншік мектептер әуелі лицензия алып, осыдан кейін мемлекеттік аттестациядан, мемлекеттік бақылаудан өтеді. Мемлекеттік мектептерге де осындай талап қойылады. Жеке меншік мектептер заңдағы талаптарды бұзған жағдайда ғана жабылады. Қандай да бір мектеп жабылатын болса, бұл оның меншік формасымен байланысты емес. Сонымен Қазақстанда жеке меншік мектепті жабу жоспары жоқ, ондай жоспар қарастырылып жатқан да жоқ, — деді комитет басшысы.