Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Қарағандыда бір топ риэлторларға қатысты сот үкімі шықты

AstanaTV
21.12.2017ж. 20:00
2127
Қарағандыда бір топ риэлторларға қатысты сот үкімі шықты

Қарағандыда алаяқтықпен ақша тауып келді деп айыпталған 8 риэлторға сот үкім кесті. Топтың басшысы Марат Нөкербековтің бас бостандығы 4 жылға шектелді. Сондай-ақ ол 3 жылға дейін кәсіпкерлікпен айналысу құқығынан айырылды. Оның нұсқауымен жұмыс істеген 7 менеджер оңай жазамен құтылды. Сот олардың үшеуінің бостандығын 1 жылға, тағы біреуінікін 1 жарым жылға шектеді. Жылына 120 сағат қоғамдық жұмысқа тартылады. Шекара аса алмайды, ел ішінде тұрғылықты мекенжайы өзгерсе, құқық қорғау орындарын ескертуі тиіс.  Өзге 3 айыпталушы жауапкершіліктен босатылды.

Еске салайық, сотталушы Марат Нөкербеков бірнеше кеңсе ашып, сыбайластарын отырғызған. Олар пәтер жалдағысы келген адамдармен келісімшарт жасасып, ақысына ақша алып отырған. Жалған баспаналардың телефон тізімін ұсынады. Осылайша 80-ге тарта адам алданған. Арасында Қарағандыдан өзге аймақтардың да тұрғындар бар.