$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Түркістан облысында пиротехниканы дұрыс пайдаланбау салдарынан екі бала жарақат алды

Түркістан облысында пиротехниканы дұрыс пайдаланбау салдарынан екі бала жарақат алды

Жаңа жыл басталмай жатып пиротехникадан зардап шеккендер бар. Түркістан облысында пиротехникалық бұйымдарды дұрыс пайдаланбау салдарынан екі бала жарақат алды. Сарыағаш ауданының жас тұрғындары жарылғыш заттарды ересектердің бақылауынсыз пайдаланған. Салдарынан жасөспірімдер әртүрлі дәрежеде жарақат алып, медициналық мекемеге жеткізілді. Қазір олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ, қажетті медициналық көмек көрсетілуде. Пиротехникалық бұйымдар — ойыншық емес, оларды пайдалану кезінде белгіленген қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау қажет деп ескертеді төтеншеліктер.

ЖАСҰЛАН АЙНАБЕК, ОБЛЫСТЫҚ ТЖД МЕМЛЕКЕТТІК ӨРТ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Еске саламыз: пиротехникалық бұйымдарды балалар мен жасөспірімдердің пайдалануына қатаң тыйым салынады. Мұндай бұйымдарды пайдалану тек ересектердің қатысуымен қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып қана қолданылады. Пиротехникалық бұйымдарды адамдар көп жиналатын орында және  тұрғын үйдің маңында қолдануға тиым салынады.