$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Жетісу облысында 7 адам қар құрсауында қалып қойды

26.12.2025ж. 19:00
Жетісу облысында 7 адам қар құрсауында қалып қойды

Жетісу облысында 7 адам қар құрсауында қалып қойды. Өңірдегі Алакөл ауданында ауа райының күрт нашарлауына байланысты Үшарал-Достық тасжолы жабылған. Салдарынан үш жеңіл автокөлік қар үйінділерінен шыға алмай тұрып қалды. Қозғалыс мүлде мүмкін болмағандықтан құтқарушы топтың көмегіне жүгінді. Төтенше жағдайлар департаменті жедел-құтқару жасағының күшімен 7 адам, оның ішінде 1 бүлдіршін аман қалды. Олар межелі жерге дейін жеткізілді. 

ҚАЛДЫБЕК ТӨЛЕУҰЛЫ, ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ:

Төтенше жағдай департаментінің 112 пультіне республикалық маңызы бар Үшарал-Достық автожолының 110 шақырымында үш жеңіл автокөлік қар құрсауында қалды деген хабарлама келіп түсті. Хабарлама келіп түсісімен ТЖД күштері мен құралдары оқиға орнына дереу жіберілді.