$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Трамп Нигерияға шабуыл жасады

Трамп Нигерияға шабуыл жасады

АҚШ кенеттен Нигерияға соққы жасады.  Трамп ақыры айтқанын орындады. Ал, Ақ үйде америкалық бүлдіршіндермен Санта Клаус ретінде сөйлесіп, зұлым кейіпкерлерді елге кіргізбеймін, - деп әзіл аралас шын уәде берді. Зеленский болса, алдағы апталар Украина үшін қиын болады, - дейді. Шартараптағы соңғы жаңалықтарды Еркелді Тілеуқұл шолып шықты.

Трамп жазда айтқанын орындады. Нигериядағы Ислам мемлекеті лаңкестік ұйымының базасын аса қуатты зымырандармен атқылады.

ДОНАЛЬД ТРАМП, АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ:

Мен бұл лаңкестерге ескерткенмін. Әскери министрлік ғаламат соққы жасап, содырлардың базаларын жойып жіберді. Біздің әскерилер аман болсын! Рождество құтты болсын!

Елге зұлым Санта мен өзге жаман кейіпкерлерді кіргізбеймін. Америкалық балаларды қорғаймын. Трамп жұбайы Мелания екеуі балалармен телефон арқылы тілдесті.

ДОНАЛЬД ТРАМП, АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ:

Санта – өте жақсы кейіпкер. Бірақ, біз оған зұлым күштердің әсер етпеуі үшін, бүкіл әлем бойынша барлығын аңдып жүрміз. Санта Клаус негізі Оклахома секілді барлық штаттарды жақсы көреді. Америкалық балаларға деген сезімі ерекше. Мен де барлықтарыңды жақсы көремін. Бірақ, сендер де Сантаны ренжітпеу үшін барынша таңға дейін кәмпит қалдырғандарың дұрыс.

Алдағы апталар жеңіл болмайды. Зеленский өзінің күнделікті үндеуінде осылай деді. АҚШ пен Украина арасындағы келіссөздер жақсы өрбігенімен, бейбіт жоспардың кейбір бөлімдері бойынша келісе алар емес.

ВЛАДИМИР ЗЕЛЕНСКИЙ, УКРАИНА ПРЕЗИДЕНТІ:

Мен күнделікті Президент Трамптың арнайы өкілдерімен телефон арқылы сөйлесіп жатырмын. Рүстем Үмеров бастаған топ олармен көзбе-көз күнде кездеседі. Дегенмен, жағдай күн санап өзгеріп жатқанын көріп жүрсіздер. Алдағы апталар тіптен қиын болуы мүмкін. Бірақ, ел мүддесінен ешқашан бас тартпаймын.

АҚШ-тың Гаваи аралдарында қайтадан жанартау атқылады. Килауэа биылдыққа осымен 3-і рет жұртты әбігерге салды. Абырпой болғанда жақын жердегі елдімекендердің тұрғындары дер кезінде көшірілді.