Президент Премьер-министрді қабылдады. Олжас Бектенов еліміздің биылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының алдын ала қорытындылары туралы есеп берді. Қаңтар-қараша айларында көлік қызметі 20, құрылыс 14, сауда 8 пайызға, ал ауыл шаруашылығы 6,1, өңдеу өнеркәсібі 5,9 процентке ұлғайған. Негізгі капиталға салынған инвестиция 18,5 триллион теңгеге жетті. Президент Үкімет басшысына азаматтардың мүддесіне сай еліміздің тұрақты дамуын қамтамасыз ету бағытындағы жұмысты жалғастыруды тапсырды. Инвестиция тарту, кәсіпкерлікті қолдау, инженерлік және көлік инфрақұрылымын жаңғырту бойынша бірқатар нақты міндет жүктеді.