$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Оңалтудың инновациялық құралдарын қолданудың арқасында мүмкіндігі шектеулі 484 баланың 73 пайызының жай-күйі жақсарған

Оңалтудың инновациялық құралдарын қолданудың арқасында мүмкіндігі шектеулі 484 баланың 73 пайызының жай-күйі жақсарған

Оңалтудың инновациялық құралдарын қолданудың арқасында мүмкіндігі шектеулі 484 баланың 73 пайызының жай-күйі жақсарған. Оның  21-і өздігінен жүре бастаған. Бұл туралы  Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Виктория Шегай айтты.  Оның сөзінше, пилоттық жоба «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен іске асырылған. Жобада мүгедектігі бар балаларды үй жағдайында оңалту үшін цифрлық күнделік пен отбасыларды сүйемелдеуге арналған мобильді қосымша қолданылған. Бұдан бөлек, мүмкіндігі шектеулі азаматтарды  жұмыспен қамту бойынша да ілкімді шаралар қолға алынған. Олар -жұмыс орындарын квоталау, жұмыспен қамтуды субсидиялау, кәсіби оқыту және кәсіпкерлікті қолдау және арнайы гранттар. Биыл 114 арнайы жұмыс орны құрылған.

ВИКТОРИЯ ШЕГАЙ, ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

2025 жылдан бастап арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдарды лицензиялау енгізілді. 1 желтоқсанға қарай 582 ұйым лицензия алды, олардың қызметтерімен 94 мыңнан астам адам қамтылды. Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесі жан басына шаққандағы қаржыландыруға көшуде, сондай-ақ әлеуметтік қызметкерлердің кәсіби біліктілігін тану тетігі енгізілді.