$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Биыл 5000-нан астам баланың құқығы қорғалды

26.12.2025ж. 19:00
Биыл 5000-нан астам баланың құқығы қорғалды

Биыл 5000-нан астам баланың құқығы қорғалды. Жыл басынан бері 3 Заң, 11 нормативтік құқықтық акт қабылданды. Заңнамалық өзгерістер негізінен жетім балалардың қауіпсіздігіне және оларды тәрбиелеу жауапкершілігін алған азаматтарға қойылатын талаптарды қатаңдатуға бағытталған. Қазір 360 мыңнан астам азамат ата-анасынан айырылған бүлдіршіндерге тәлімгер болып отыр. Жыл басынан бері жергілікті атқарушы органдардың қызметіне 120-дан астам тексеріс жүргізілді. Нәтижесінде заң бұзушылықтар анықталып, 5000-нан астам баланың құқығы қалпына келтірілді, 40-қа жуық лауазымды тұлға жауапқа тартылды.