$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Астанада эмбриондағы патологияны анықтайтын технология қолданысқа енді

AstanaTV
26.12.2025ж. 19:00
Астанада эмбриондағы патологияны анықтайтын технология қолданысқа енді

Елімізде алғаш рет болашақ сәбидің денсаулығын алдын ала тексеруге мүмкіндік беретін жаңа технология қолданыла бастады. Жаңа әдіс ЭКО арқылы бала сүю мүмкіндігін арттырып, жүктіліктің алғашқы кезеңіндегі қауіптерді азайтады. Әлемде ең дәл тәсілдердің бірі саналатын бұл технологияны алғаш болып астаналық клиника енгізді. Тақырыпты әріптесім Айғаным Тұрысбек жалғастырады.

Енді сәби сүюді аңсап жүргендер ұрық дамымай жатып-ақ оның жаңдайын толық біле алады. Next Generation Sequencing әдісі  эмбриондардың 23 жұп хромосомасын толық тексеруге мүмкіндік береді. Яғни,  жүктіліктің сәтті өтуіне кедергі келтіретін хромосомалық бұзылыстар жүктілік басталмай тұрып-ақ анықталады.

АЛДИЯР МӘЛІК, БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ, ЭМБРИОЛОГ:

Бұл инкубатор инбрион даму кезінде әр 5 минут суретке түсіреді. 5-6 күнге дейін эмбрионның өсу киносын көреміз. Бұл аппаратта жасанды интеллект қосылған. ЖИ балл қояды эмбриондарға. Біз көрмеген нәрсе ол көреді.

Эко жасатуға "Аңсаған сәби" бағдарламасы бойынша жылына 7000 мың квота бөлінеді. Ақылы қызметке де сұраныс  көп. Жасанды ұрықтандыруды кез келген адам жасата алмайды. Оның да өз шарттары бар. Бұл аппаратқа жасанды интеллект қосылған. Балл қояды имбриондарға. Біз көрмеген нәрсені бұл көреді.

ҚЫМБАТ УРАЗЫМБЕТОВА, РЕПРОДУКТОЛОГ:

Кейбір қыз-келіншектер 40-тан асқанда олардың көрсеткіштері төмен болады. Одан басқа аурулары болады, экстрогентальный. Абсолютное противо показание деген түсінігі болады. Жүрегінде операция болса, өкпесінде ақау болса немесе туберкулезбен ауырған пациент болса ол баланы қалай дүниеге әкеледі. Сондықтан ол керек.

Мамандар эко жасатуға ұсыныс беретін ата-аналардың жасы жасарып бара жатқанын айтады. Жыл өткен сайын жасанды ұрықтандыруға сұраныс артуда.  Клиниканың өзіне ай сайын 500-ден аса өтініш түсетін көрінеді. Дәл осы лабораторияда 15 пациентің эмбрионы қаралып жатыр.  Жұлдыз Асқарова -жаңа технологияның жемісін көрген ана.

ЖҰЛДЫЗ АСҚАРОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Алғашқы ЭКҰ сәтсіз аяқталды. Кейін мемлекеттік квота арқылы қайта кірдік. Бұл жолы эмбриондарды алдын ала генетикалық тұрғыда тексертіп қойдық. Соның арқасында қай эмбрионның сау екенін білеміз. Қазір дені сау 6 айлық балам бар.

Жаңа технология ата-ана атанғысы келетін жандар үшін қолайлы болмақ. NGS әдісі  репродуктивті жасы үлкен пациенттерге, қайталама сәтсіз ЭКО жағдайларына және әдеттегі түсік тастау мәселесіне тап болған отбасыларға жаңа мүмкіндік береді. Бұл жаңалық Қазақстанның демографиялық және медико-әлеуметтік көрсеткіштерін жақсартуға өз үлесін қоспақ.