Алматы қалалық кардиология орталығында жүрек трансплантациясы жасалған алғашқы науқас жазылып шықты. 34 жастағы ер адамға созылмалы жүрек жеткіліксіздігі диагнозы қойылған. Күту кезегінде тұрған азаматқа қараша айында 50 жастағы инсульт алған әйел донор болған. Күрделі операция 5 сағат бойы жасалды. Трансплантацияны Алматы мен Астананың білікті дәрігерлері бірлесе жүргізген. Қазір пациенттің жағдайы тұрақты.
Бәрі энергетикалық сусындардан басталды. Күніне бір-екіден бастап, жылдар бойы әртүрлі энергетиктерді күніне 10 бөтелкеге дейін ішетін деңгейге жеттім. Ауыр диагнозға тап болғанша мән бермедім. Ешкімге кеңес бермеймін. Ешкімге. Кардиологиялық медициналық орталық ұжымына алғысым шексіз. Мен өмір бойы бұл жақсылықтарыңызды ұмытпаймын.