$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Жылқы жылынан не күтеміз?

AstanaTV
26.12.2025ж. 19:00
Жылқы жылынан не күтеміз?

Санаулы күндерден кейін жылан жылы аяқталып, Жылқы жылы кіреді.  Жаңа жыл - тек күнтізбедегі күн емес, жаңа мүмкіндіктер мен серпінді энергияның бастауы. Нумерологтар келер жылдан үміт көп дейді. Ал тұрғындардың мереке алдындағы көңіл күйі қандай? Әріптесім Айғаным Тұрысбек білді.

АЙҒАНЫМ ТҰРЫСБЕК, ТІЛШІ:

Жылқы жылы табалдырықтан аттағалы тұр. Бірі жаңа жылдан тыныштық күтсе, енді бірі батыл өзгерістерге дайын. Ал шығыс күнтізбесі 2026 жылды жай жыл емес, қозғалыс пен тәуекелге толы кезең ретінде сипаттайды. Қазақстандықтар жаңа жылдан не күтеді? Сұрап көрейік

БЛИЦ:

- Позитив, жылдамдық күтем. Тек жақсылық күтем

- Еліміз өркендеп, инфлияция төмендейтін шығар

- Қазақ халқы жақсы көретін жануары ғой. Біз де мықты болайық жылөы секілді.

- Мен тек мүмкіндіктер күтем

- Жылқы таза, киелі жануар және еңбекқор. Сондықтан бізге де биыл көп жұмыс істеу керек

Нумерологтар жаңа жылға түрлі болжам жасауда. Олар бұл жыл әрекетсіздікті ұнатпайды, сондықтан жоспарлы түрде алға жылжу маңызды, жылқы жылы дүниеге келгендерге сәттілік әкеледі дейді.

Ата-бабамыз Жылқы жылын шаруашылыққа қолайлы, тұрмысқа жайлы, молшылыққа толы жыл деп есептеген. Сондықтан  2026 жыл қазақстандықтар үшін жаңа мүмкіндіктер мен жетістіктерге толы болмақ. Дегенмен, жыл эмоциялық тұрғыдан күрделі де болуы мүмкін: шабыт пен қуат артып келе жатқанда, күйзеліске бейімділік те күшейеді. Сондықтан ішкі тепе-теңдікті сақтау, артық күш жұмсамау және сезімге берілмеу маңызды.