2018
жылы Қазақстанда 23 мың тонна уран өндіріледі деп күтіліп отыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында
«Қазатомөнеркәсіп» АҚ басқарма төрағасы Ғалымжан Пірматов мәлімдеді.
Биылғы
жылдың қорытындысы бойынша 22 мың тонна уран өндіру көзделіп отыр. Ал бұған
дейін компания, келісімшарттардағы міндеттемелерге сай, алдағы жылдары өндірісті
20 пайызға дейін төмендететінін айтқан. Компанияның биылғы табысы 46 миллиард
теңге шамасында болады деп жоспарланған. Ғалымжан Пірматов бағаның 25 доллар
шамасында екенін хабарлады. Оның айтуынша уран бағасы нарықтағы негізгі
ойыншылар мен энергетикалық компанияларға және уран өндірушілерге байланысты.
Дегенмен біздің өнімге деген сұраныс төмендеген жоқ деді басқарма төрағасы.