$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Қазақстанның IT-экспорты 700 млн долларға жетті

Қазақстанның IT-экспорты 700 млн долларға жетті

Енді мемлекеттік қызметшілер жасанды интеллект курсын оқуға міндетті. Бұл туралы вице-премьер, Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді. Бұл дағдыны жаппай үйрететін Qyzmet AI бағдарламасын жасау қолға алынған. 50 мың мемлекеттік қызметкер бүгіннің өзінде ЖИ саласына маманданған.

ЖАСЛАН МӘДИЕВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ- ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ЖӘНЕ ЦИФРЛЫҚ ДАМУ МИНИСТРІ:

Уақыт өте келе мемлекеттік қызметшілер үшін жасанды интеллект курстары міндетті болады. Яғни, егер адам жасанды интеллект курсынан өтпесе немесе аталған дағдыларды меңгермесе, онда ол мемлекеттік қызметте жұмыс істей алмайды. Біз мұны дұрыс деп санаймыз. Өйткені, мемлекеттік қызметіміз бюрократиямен күресу үшін бәсекеге қабілетті, тиімділігі, өнімділігі жоғары болуы тиіс.

Биыл Қазақстанның  IT-экспорты 700 млн долларға жетті. Astana Hub  алаңындағы 2 мың IT компанияның жалпы табысы 800 млрд теңге болды. Көрсеткіш былтырғыдан 20 процентке жоғары.

ЖАСЛАН МӘДИЕВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ- ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ЖӘНЕ ЦИФРЛЫҚ ДАМУ МИНИСТРІ:

Халықаралық хабтар арқылы 100-ден астам отандық стартап шетелдік нарықтарға шықты. Экожүйеде өңірдің алғашқы технологиялық қуатты Higgsfield.ai құрылды. Венчурлық қаржыландыруды дамыту үшін Qazaqstan Venture Group құрылды. Оның мақсатты көлемі 1 млрд долларды құрайды. Қазіргі уақытта оның 115 млн доллары тартылды