$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Алтын мен күміс бағасы рекордтық деңгейге жетті

26.12.2025ж. 21:35
Алтын мен күміс бағасы рекордтық деңгейге жетті
Фото: Pexels

Алтын мен күміс дағдарыс пен долларға деген сенімсіздік аясында рекордтық деңгейге дейін қымбаттады.

Токиодағы сауда мәліметтері бойынша, күмістің унциясы тарихта тұңғыш рет 75 долларға жетті. Алтынның унциясы 4531 доллар болды. 

Басылымның хабарлауынша, алтын мен күміс бағасының қымбаттауына нарықтағы дүрбелең себеп болған. 

- Экономикалық белгісіздік пен геосаяси шиеленіс инвесторларды "тыныш жер" табуға мәжбүрлеп отыр. Мұндай жағдайда әдетте алтын мен күміс ең сенімді актив саналады, - делінген хабарламада.

Жыл басынан бері алтын 70 пайызға қымбаттаса, күміс бағасы 150 пайызға өскен. Бағаның осыншалықты құбылуы нарықта 1970 жылдан бері болмаған. Бұл ретте күмістің дағдарыстан алып шығатын металл ретінде ғана емес, маңызды өнеркәсіп ресурсы ретінде де қымбаттап жатқанын айта кету керек. Себебі ол жартылай өткізгіштер мен дата-орталықтарға қажет құрылғыларды шығару үшін қолданылады. Ал бұл заттардың барлығы қазіргі таңда ерекше сұраныс тудырып отырған жасанды интеллекті үшін қажет.

Қосымша қысым, АҚШ нарығынан келіп жатыр. Дональд Трамп Ақ үйге оралған соң және оның Федералды резерв жүйесімен шекісуінен кейін доллар мен америкалық облигацияларға деген сенімге селкеу түсті.