$541.34 €640.73 ₽6.53
×

17 өңірде дауылды ескерту жарияланды

17 өңірде дауылды ескерту жарияланды
Фото: freepik

27 желтоқсанда «Қазгидромет» РМК Қазақстанның 17 облысында қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялады.

Алматы облысыныңтаулы аймақтарында түнгі және таңғы уақытта тұман күтіледі, желдің екпіні шығысында 18 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.

Ақмола облысында27 желтоқсанда батыс, солтүстік және шығыс бөліктерінде тұман болжанады. Желдің екпіні кей жерлерде 15-20 м/с.
Көкшетауда түнде және таңертең жел күшейеді.

Түркістан облысыныңтаулы аймақтарында қар жауып, төменгі боран, тұман мен көктайғақ күтіледі. Тау асуларында желдің екпіні 20 м/с-қа дейін жетеді. Шымкент пен Түркістанда кей жерлерде тұман мен көктайғақ болады.

Атырау облысыныңбатысы мен солтүстігінде түнде және таңертең тұман, көктайғақ күтіледі.

Қарағанды облысыныңбатысы, солтүстігі және оңтүстігінде тұман болжанған.

Маңғыстау облысындажаңбыр мен қар жауып, көктайғақ пен төменгі боран болады. Желдің екпіні 15-20 м/с. Ақтауда күндіз көктайғақ күтіледі.

Батыс Қазақстан облысындақар жауып, төменгі боран мен тұман болады. 27 желтоқсан мен 2 қаңтар аралығында өңірде қар мөлшері нормадан көп жаууы мүмкін. Оралда жел күшейіп, қар жауады.

Жамбыл облысыныңтаулы аймақтарында қар, боран, көктайғақ және тұман күтіледі. Таразда кей жерлерде тұман байқалады.

Павлодар облысында батыс, солтүстік және оңтүстік бөліктерде тұман болады.

Қызылорда облысыныңсолтүстігі мен орталығында тұман мен көктайғақ күтіледі. Қалада да жолдар тайғақ болуы мүмкін.

Шығыс Қазақстан облысындатүнде және таңертең қар, боран, көктайғақ болжанған.

Ақтөбе облысыныңбатысы мен оңтүстігінде тұман болады.

Қостанай облысыныңшығысы мен оңтүстігінде тұман күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысында, соның ішінде Петропавлда, желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді.

Жетісу облысындашығыс және таулы аймақтарда тұман мен көктайғақ болады. Желдің екпіні кей жерлерде 23-28 м/с-қа дейін күшейеді. Талдықорғанда да тұман мен жолдың тайғақтығы күтіледі.

Ұлытау облысыныңбатысы, оңтүстігі және орталығында тұман болжанған.