$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Өзбекстан азаматтары эвакуацияланды

28.12.2025ж. 07:39
Өзбекстан азаматтары эвакуацияланды
видео скрин

112 пультіне Ұлытау облысы, Ұлытау ауданы аумағындағы «Петропавл – Жезқазған» автожолында жеңіл автокөліктің жол жиегіне шығып кетіп, кюветке түскені туралы хабарлама түсті.

Оқиға орнына ТЖМ қызметкерлері мен жедел жәрдем бригадасы жедел жетті. Көліктен 5 адам эвакуацияланды.

 Екі ересек азамат жедел жәрдем арқылы медициналық мекемеге жеткізілді. Қалған 3 адам Ұлытау ауылына эвакуацияланды, медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.

Эвакуацияланған азаматтардың барлығы Өзбекстан Республикасының азаматтары болып табылады және олар құтқарушыларға #алғыс сөздерін білдірді.