Қытай жер сілкінісі желілері орталығы Тайваньдағы Илань округінде 6,6 магнитудалық жер сілкінісі болды.
Синьхуа ақпаратынша, жер сілкінісінің ошағы солтүстік ендіктің 24,67 градус және шығыс бойлық 122,06 градус координаттары бойынша тіркелген. Жер сілкінісінің ошағы 60 шақырым тереңдікте болған.
Жер асты дүмпулері Тайваньның барлық аумағында анық сезіліп, ғимараттар қозғалған. Әзірге аралда құрбан болғандар, зардап шеккендер және материалдық шығын туралы ақпарат түскен жоқ.
Сондай-ақ Жапонияның Хонсю аралының оңтүстік-шығысында 5,1 балдық жер сілкінісі болды.
Алдын ала мәліметтер бойынша жер сілкінісінің ошағы солтүстік ендіктің 29,75 градусында және шығыс бойлықтың 142,30 градусында орналасқан. Жерасты тербелісінің ошағы 10 шақырым тереңдікте екені белгілі болды.