$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Трамп пен Зеленскийдің кездесу уақыты өзгерді

28.12.2025ж. 17:35
Трамп пен Зеленскийдің кездесу уақыты өзгерді
Фото: Report.az

АҚШ президенті Дональд Трамп пен Владимир Зеленскийдің Флоридада 28 желтоқсанға жоспарланған кездесуі басқа уақытқа ауыстырылды. Бұл туралы Ақ үй жариялаған кестеде белгіленген, деп хабарлайды ТАСС.
 
Жаңартылған нұсқаға сәйкес, кездесу жергілікті уақыт бойынша 13:00–де (Мәскеу уақыты бойынша 21:00) Трамптың жеке резиденциясы Мар-а-Лаго маңындағы Палм-Бичте өтеді. Кездесу туралы қосымша ақпарат берілмеді.

АҚШ президентінің 26 желтоқсанда жарияланған жұмыс кестесінде кездесу жергілікті уақыт бойынша 15:00–де (Мәскеу уақыты бойынша 23:00) басталады деп көрсетілген.

Зеленский бұған дейін АҚШ президентімен кездесуінде аумақтық мәселелерді, оның ішінде Украина қарулы күштерін Донбасстан шығару және Запорожье атом электр станциясын пайдалану мәселелерін көтеруге ниетті екенін мәлімдеген. Ол Украинадағы дағдарысты шешудің 20 тармақтан тұратын жоспары екі ел арасында 90% келісілгенін мәлімдеді.