$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Құтқарушылар өрт кезінде 4 адамды эвакуациялады

28.12.2025ж. 21:41
Құтқарушылар өрт кезінде 4 адамды эвакуациялады
Фото: ТЖМ

Қарағанды қаласы Жекібаев көшесінде орналасқан 5 қабатты көпқабатты тұрғын үйдің 4-қабатындағы пәтерде тоңазытқыштың жанғыш бөліктерінің жануы орын алды. Жоғары температураның әсерінен ас үй жиһазы зақымданып, керме төбе балқыған.

ТЖМ құтқарушыларының жедел әрекетінің арқасында құтқару қалпағын қолдану арқылы 4 адам, оның ішінде 2 бала қауіпсіз жерге шығарылды.

Өртті өздігінен сөндіру кезінде пәтер иесі, 1993 ж.т азамат, күйік алып, жедел жәрдем бригадасымен ауруханаға жеткізілді.

Өрт қысқа мерзімде толығымен сөндірілді. Өрттің себебі электр сымдарының қысқа тұйықталуы.