$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Ақмола облысында полицейлер жолда қалып қойған жүргізушілерге көмек көрсетті

28.12.2025ж. 22:27
Ақмола облысында полицейлер жолда қалып қойған жүргізушілерге көмек көрсетті

Ақмола облысында полицейлер жолда қалып қалған жүргізушілерге көмек көрсетті.

Астана - Щучинск автожолында ауа температурасы –26 градусқа дейін төмендеген. Қатты аяз кезінде полиция қызметкерлері жолда қиын жағдайға тап болған бірнеше жүргізушіге көмек көрсетті.

Төмен температураның салдарынан жүк көліктерінің бірінде дизель жанармайы қатып, ауа жүйесі істен шыққан. Қырғыз Республикасының азаматтары екені белгілі болды.

Полицейлер жолаушыларды Ақкөл қаласына жеткізіп, қонақ үйге орналастырды. Жүк көлігін жылы боксқа қойып, келесі күні толықтай жөндеуден өткізді.

Жүргізушінің айтуынша, олар Тюмень қаласынан Бішкекке бағыт алған. Оқыс жағдайда көмектескен аға инспектор Константин Мусин мен Жеңіс Әлібековке жолаушылар алғыс білдірді