Жетісу облысы Алакөл ауданы, Үшарал–Достық автожолында, Көктұма стансиясынан 20 шақырым жерде, қар құрсауында калып қойған бес жеңіл көліктен адамдарды эвакуациялау бойынша авариялық-құтқару жұмыстары жүргізілді.
ТЖМ құтқарушыларының күшімен 15 адам құтқарылды. Барлығы Көктұма стансасына жеткізілді. Оларға медициналық көмек қажет болған жоқ.
ТЖМ азаматтарға жолға шықпас бұрын ауа райы жағдайларын ескеріп, жол қауіпсіздігін қатаң сақтау керектігін ескертеді.