$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Шымкентте газдан уланған сегіз адам ауруханаға түсті

29.12.2025ж. 22:44
Шымкентте газдан уланған сегіз адам ауруханаға түсті
Фото: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Шымкент қаласы Абай ауданында бір отбасының сегіз мүшесі табиғи газдан уланды.

Оқиға орнына Төтенше жағдайлар департаменті және қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының қызметкерлері барды.

- Алдын ала болжам бойынша, улану себебі — түтіндік мұржаның қауіпсіздік талаптарына сай болмауы. Улану салдарынан сегіз адам ауруханаға жатқызылды. Қазіргі уақытта зардап шеккен азаматтардың жағдайы қанағаттанарлық, барлығы медициналық бақылауда, — делінген қалалық Төтенше жағдайлар департаменті таратқан ақпаратта.