$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Жаңа жылдан бастап он баласы бар отбасылар 173 мың теңге жәрдемақы алады

29.12.2025ж. 13:40
Жаңа жылдан бастап он баласы бар отбасылар 173 мың теңге жәрдемақы алады
Фото: pixabay.com

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2026 жылдан бастап зейнетақы, балаға берілетін жәрдемақы мен мүгедектігі бар азаматтардың жәрдемақысы қалай өсетінін есептеп көрсетті.

Айта кетейік, «2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңда 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік жәрдемақылардың барлық түрін, базалық және ынтымақты зейнетақыларды ҚР Ұлттық Банкі айқындайтын инфляцияның болжамды деңгейіне сәйкес 10% көбейеді.

Осылайша, 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап:

  • 2025 жылы 171 588 теңге зейнетақы алып жүрген азаматтар 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап 192 816 теңге зейнетақы алады;
  • 2025 жылы 63 030 теңге жәрдемақы алып жүрген 4 баласы бар отбасылар 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап 69 330 теңге жәрдемақы алады
  • 2025 жылы 157 280 теңге жәрдемақы алып жүрген 10 баласы бар отбасылар 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап 173 000 теңге жәрдемақы алады;
  • 2025 жылы 101 702 теңге жәрдемақы алып жүрген I топтағы мүгедектігі бар адамдар 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап 111 872 теңге;
  • II топтағы мүгедектігі бар азаматтар 81 362 теңгенің орнына 89 498 теңге;
  • III топтағы мүгедектігі бар азаматтар 55 474 теңгенің орнына  61 021 теңге жәрдемақы алады.