$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Мобильді ақша аударымдарына қатысты жаңа ережелер күшіне енеді

Мобильді ақша аударымдарына қатысты жаңа ережелер күшіне енеді

Жаңа жылда ақша аударымдарын тексерудің жаңа ережелері күшіне енеді. Мемлекеттік кірістер 3 ай ішінде 1 млн 20 мың теңгеден жоғары қаржы түскендердің табысын тексере бастайды. Аударымдар 100-ден астам әртүрлі адамнан түскен жағдайда ғана салық органдарының назарына ілігеді. Қаржы вице-министрінің айтуынша, салықтан жалтарып, табысын жасырғандарға бірден айыппұл салынбайды.

ЕРЖАН БІРЖАНОВ, ҚР ҚАРЖЫ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

Біз әрқашан айтып келеміз, бірден айыппұл салмаймыз. Біз тек түсініктеме беруі үшін хабарлама жолдаймыз. Мүмкін, сол хабарламадан кейін салық төлеуші өз бетінше жеке кәсіпкер ретінде тіркелу туралы өтініш берер. Егер ешқандай әрекет болмаса, біз салықтық тексеру ашуға құқылымыз. Тек салықтық тексеру аясында барлық растайтын құжатты алғаннан кейін салықтарды есептеп, талап қоямыз. Егер ол тиісті сомаларды төлемесе, материалдар сот орындаушысына беріледі.