$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Торғай аймағы Үкіметтің айрықша назарында болады

29.12.2025ж. 19:00
Торғай аймағы Үкіметтің айрықша назарында болады

Торғай -ауыл және мал шаруашылығына қолайлы өлке. Осы межелі бағытта ірі жобалар жүзеге асады. Өңірді дамытуға 165,5 миллиард теңге бөлінеді. Торғай өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуы үкіметтің ерекше назарында.Қазіргі уақытта Арқалық қаласын, Амангелді және Жангелдин аудандарын алдағы 3 жылдық кезеңге дамыту жөнінде жоспар әзірленген. 50-ден астам әлеуметтік-экономикалық жобалар қолға алынады. Бұл бастамалар аймақ халқын жаңа жұмыс орындармен қамтиды. Орталық-Батыс күре жолы, Арқалықта салынатын әуежай оңтүстік өлкеге тың серпін берері сөзсіз. Президент пәрмені толық орындалса Торғай қайта түлейді. Өңір өркендей түседі, дейді сарапшылар.

АЙБЕК ТАҢАТБАЕВ, САРАПШЫ:

Тағы бір айтатыны биылғы біздің облыстық бюджет қаражатының көбі осы Арқалық, Амангелді,Жангелдіге бөлініп жатыр. Осындай жаңадан ғимараттар бой көтерілуі,мектептер салынуы. Сол жердегі жергілікті халыққа жұмыс күші болады деп ойлаймын және халықтың шоғырлануына жаңа мүмкіндіктер жасайды.