$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Пиротехника сапасы сын көтере ме?

29.12.2025ж. 19:00
Пиротехника сапасы сын көтере ме?

Жаңа жыл қарсаңында  отшашулар саудасы қыза түсетіні баршаға мәлім. Алайда пиротехника сапасы сын көтере ме? Сатушылар қауіпсіздік шараларын сақтай ма деген сан сауал туындайды. Қостанайда құзырлы орган қызметкерлері бірлесіп рейд өткізді. Өнімдерді сату және қолдану талаптарын ескертті.

Сақшылар мен төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері сауда орталықтары мен базар аралап, отшашу сататын орындарды тексерді. 

Жауапты мамандар сатушылар мен тұрғындарға қауіпсіздік ережелерін түсіндірді.

НҰРЛАН БӨРІБАЕВ, ҚАЛАЛЫҚ ТЖБ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Отшашуды өткізу үшін қауіпсіз орындар анықтаймыз. Ғимараттар мен құрылыстардан 50 метр қшықтықта қолданылған  жөн. Және де петельді қолдану кезінде қолды созып, ара қашықтықта  тұтандырған жөн.

Өкілетті орган өкілдері рейд барысында 4 заңсыз факті анықтаған. Сауда орынындағы өнім толық тәркіленді. Сапасыз отшашудың салдарынан оқыс оқиға туындауы мүмкін дейді мамандар.

ГАЛИНА ДЕМИРОВА, ОБЛЫСТЫҚ ПД АЗАМАТТЫҚ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТТІК ҚАРУ АЙНАЛЫМЫН БАҚЫЛАУ БӨЛІМІНІҢ ИНСПЕКТОРЫ:

Бесінші желтоқсан мен үшінші қаңтар аралығында алдын алу шараларын жүйелі жүргіземіз. Қоғамдық орындарда, базарлар мен дүнгіршектерде сатылатын отшашуларды тексереміз. Рейд барысында қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін және заңсыз сауда фактілері анықталса, онда айыппұл салумен қатар пиротехникалық бұйымдар толықтай тәркіленеді. Ондай өнімдер тек арнайы лицензиясы бар, заңды сауда орындарында сатылуы тиіс.

Ережені ескермеген саудагер 25 АЕК көлемінде айыппұл төлейді.  Ал жеке тұлғаларға 333 келіге дейін пиротехника өнімін сатып алуға болады. Одан көп алса айыппұл салынады.