"AMANAT" партиясы оралдық өрендерге арнап жаңа жылдық кеш ұйымдастырды. Балалардың көңілінен шыққан бұл көңілді мереке дәстүрге айналған. Шыршаны шыр айналып билеген бүлдіршіндер алдымен Жылан жылын құрметпен шығарып салды. Жүздеген баланың ішінен тапқырлығымен танылған алғыр оқушыларға Аяз ата мен Ақшақар сыйлығын аямады. Мерекемен құттықтап, сабағыңды жақсы оқып, өнегелі оқушы бол деп аталық тілегін жеткізді. Бұдан кейін балалармен Жылқы жылын қуана қарсы алып, шырша шамын бірге жақты.
АЗАМАТ САФИМАЛИЕВ, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ БҚОФ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:
Бұл -партиямыздың жобасы, "Бақытты отбасы" жобасы аясында өтіп жатыр. Қаланың әртүрлі мектебінен белсенді, сабақты жақсы оқитын бүгін 300 баланы жинаған болатынбыз. Енді алдағы уақытта да тоқтамайды, бұйырса. Бұл - енді біздің бастамамыз.