$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Ozon.kz зерттеуі: Қазақстандағы Жаңа жыл алдындағы шопинг онлайн форматқа ауысуда

Ozon.kz зерттеуі: Қазақстандағы Жаңа жыл алдындағы шопинг онлайн форматқа ауысуда

Маркетплейстер мереке қарсаңында кезекке тұрмай, жол жүрмей және артық әбігерге түспей, баршаға, әсіресе өңірлер тұрғындарына жаға жылға дайындалуға мүмкіндік береді.

29 желтоқсан, 2025 ж., Алматы — Қазақстанда Жаңа жылға дайындық онлайн форматқа ауысуда: әрбір үшінші қазақстандық үшін маркетплейстер сыйлық іздеудің және уақытты үнемдеудің негізгі құралына айналды. Бұл үрдіс әсіресе өңірлерде айқын байқалады — тұрғындардың 42%-ы офлайн-дүкендердегі тауар ассортименті шектеулі болғандықтан, онлайн платформаларды пайдаланады. Мұндай деректерді республика тұрғындарының мереке алдындағы тұтынушылық әдеттерін анықтауғ арналған Ozon.kz зерттеуі көрсетті. Зерттеу нәтижелеріне сәйкес, бүгінде маркетплейстер қазақстандықтар үшін жай ғана балама сауда арнасы емес, күнделікті тұрмыстық міндеттерді жеңілдетіп, желтоқсандағы қарбалас кезеңде күйзеліс деңгейін төмендетуге көмектесетін тиімді құралға айналып отыр.

Қазақстандықтардың басым бөлігі Жаңа жылдық сыйлықтарды таңдауды желтоқсан айына қалдырады

Қазақстандықтар үшін жаңа жылдық көңіл күй дәстүрлі түрде қарапайым әрі таныс нышандардан бастау алады: көшелерді жарқырата безендірген шамдар, сәнделген дүкен сөрелері мен алғашқы қар. Бұл көріністер мерекелік сезімді оятып қана қоймай, жақын жандар мен достарға сыйлық таңдауды да еске салып, Жаңа жылдың жақындағанын сезіндіреді.

Мерекеге сыйлық таңдаудың ең қолайлы уақыты — мерекеден екі–үш апта бұрын. Қазақстандықтардың шамамен жартысы (45%) дәл осы уақытта Жаңа жылға дайындыққа кіріседі. Бір–екі ай бұрын алдын ала жоспарлап сатып алу тек азшылыққа тән (15%), алайда әйел адамдар арасында бұл көрсеткіш ерлерге қарағанда жиі кездеседі — 20% және 11%. Осындай кезде әсіресе уақытты үнемдеуге және асығыссыз сатып алуға мүмкіндік беретін сауда форматтарына сұранысты арттырады.

Қазақстанда отбасылық дәстүрлердің рөлі корпоративтік мерекелерге қарағанда әлдеқайда басым

Қазақстандық отбасыларда сыйлық алмасу дәстүрі әлі де сақталған: олардың шамамен жартысы (48%) барлық басты мерекелерде сыйлық береді. Ал әр бесінші отбасы (21%) сыйлықтарды тек балаларға ғана арнаса, тағы 19% респондент сыйлықтарды нақты мерекелік күндерге байламай, қалаған кезде береді. Мүлде сыйлық бермеу сирек кездеседі — оны тек 7% респондент таңдаған.

Қазақстанда корпоративтік жаңа жылдық дәстүрлер әлдеқайда сирек байқалады және көбінесе жеке бастамаға тәуелді. Шамамен әр үшінші қызметкер (29%) әріптестеріне мүлде сыйлық бермейді, ал әр төртіншісі (26%) шағын ұжым ішінде сыйлық алмасады. «Құпия Санта» форматы негізінен жастар арасында танымал — оған 17% респондент қатысқан, әйелдер арасында бұл формат ерлерге қарағанда екі есе жиі кездеседі (23% және 11%). Ал компаниялардың 17%-ы барлық қызметкерлерге көбінесе сертификаттар немесе кітаптар түрінде бірдей сыйлық береді.

Қазақстандықтардың корпоративтік кештерге де көзқарасы әртүрлі. Шамамен жартысы (45%) мұндай шараларды ұнатып, алдын ала дайындалып, кешкі образын ойластырады. Ал әр үшінші адам (34%), әсіресе әйелдер (40%), бұл уақытты үйде тыныштықта өткізгенді жөн көреді. Тағы 16% респонденттер корпоративке тек дәмді ас пен фуршет үшін баратынын мойындайды.

Маркетплейстер — Жаңа жылдық сыйлықты сатып алуда сенімді көмекшілер

Ел тұрғындарының әр үшіншісі (30%) үшін маркетплейстер ерекше сыйлық іздеудің негізгі орны әрі шопингке кететін уақытты үнемдеудің тәсіліне айналған. Ал тек офлайн-дүкендерде сатып алу азшылықтың таңдауы болып қалып отыр — 19%.

Онлайн-шопинг барған сайын тек техникалық қажеттілік емес, мерекелік көңіл-күйдің бір бөлігі ретінде қабылданады. Кейбіреулер үшін бастысы — жылдам жеткізу мен ыңғайлылық (38%), ал басқалары үшін — «ерекше» сыйлықты іздеу және таңдау процесі, әсіресе әйелдер арасында (38%). Әр бесінші қазақстандық тапсырысты қадағалай алу мүмкіндігі жағдайды бақылауда ұстауға және желтоқсандағы қарбаластағы уайымды азайтуға көмектесетінін айтады.

Онлайн-шопингке деген қызығушылығын түсіндірген респонденттердің жартысынан көбі (68%) маркетплейстердің дүкен аралап жүрмей-ақ уақытты үнемдеуге мүмкіндік беретінін атап өтті. 62%-ы платформаларды сыйлық идеяларын табуда таптырмас көмекші ретінде бағалады: яғни, онлайн-сауда сайттары олардың жеке ассистенті сияқты қызмет атқарады. Ал 60% қатысушы өз қаласында жоқ ерекше тауарларды дәл осы платформалардан табуға мүмкіндік алғанын айтты.

Бұл фактор әсіресе Алматы мен Астанадан тыс өңірлерде айқын байқалады, сондықтан маркетплейстердің рөлі өңірлерде ерекше маңызды. Өңір тұрғындарының шамамен жартысы (42%) жергілікті дүкендердегі тауар ассортиментінің шектеулігінен онлайн-платформаларды пайдаланады. Ал еліміздің екі астанасында бұл көрсеткіш тек әр бесінші адамға ғана қатысты.

Осындай жағдайда онлайн-шопинг өңірдегі қазақстандықтар үшін тек ыңғайлы сатып алу форматы ғана емес, ірі қалаға бармай-ақ әртүрлі және сапалы тауар ассортиментіне қол жеткізудің тиімді жолына айналады.

Сапа, баға және пікірлер: Қазақстанда Жаңа жылдық сыйлық таңдауға әсер ететін факторлар

Сыйлық таңдағанда қазақстандықтар рационалдық пен эмоция арасындағы тепе-теңдікті сақтауға тырысады. Әр үшінші респондент (33%) ең алдымен тауардың құрамы мен сапасына назар аударады, ал шамамен сондай-ақ 30% сатып алу кезінде бағаға мән береді.

Қазақстандықтар үшін бюджет жоспарлау да өте маңызды. Шамамен әр үшінші адам (34%) барлық сыйлықтарға 5–20 мың теңге жұмсайды, ал әр бесінші респондент — 30 мың теңгеге дейін. Бір сыйлыққа жұмсалатын оңтайлы сома 40% қатысушы үшін 5 мың теңгеден аспайды, ал 42% жеке сыйлыққа 5–20 мың теңге аралығында ақша бөлуге дайын.

Ел тұрғындарының жартысынан көбісі (57%) сатып алмас бұрын пікірлерді мұқият оқиды, 45% бағаларды салыстырады, 34% тегін жеткізу мүмкіндігін қарастырады, ал 23% кэшбэк пайдаланады. Маркетплейстер бұл тұрғыда сатып алушылар үшін айтарлықтай ыңғайлылық береді — барлық осы функциялар платформаларда қолжетімді әрі жеңіл қолдануға арналған.

Маркетплейстер: мерекеге асығыссыз дайындықтың сенімді көмекшісі

Қазақстандықтар онлайн-шопингтің артықшылықтарын жақсы бағалайды. Респонденттердің жартысына жуығы (46%) маркетплейстер болмаса, Жаңа жылға дайындыққа әлдеқайда көп уақыт пен күш кетер еді деп есептейді, ал 67% онлайн-платформалар ең күрделі сәт — сыйлық іздеу мен таңдау процесін айтарлықтай жеңілдетеді деп санайды.

Осының арқасында Қазақстанда Жаңа жылға дайындық барған сайын сабырлы әрі жоспарлы процесске айналып отыр. Онлайн-шопинг бюджетті алдын ала есептеуге, сыйлықтарды асықпай таңдауға және желтоқсанның қарбаласын жеңілдетуге мүмкіндік беріп, ірі қалалардың да, шағын қалалардың да тұрғындары үшін дәстүрлі дүкендерге ыңғайлы және практикалық баламаға айналады.

Зерттеу Ozon.kz компаниясы тарапынан 2025 жылғы қарашада жүргізілді. Сауалнамаға Қазақстанның әртүрлі өңірлерінен 600-ден астам тұрғын қатысты.

Ozon Қазақстан — Алматыда штаб-пәтері орналасқан мультикатегориялы маркетплейс. 2021 жылдан бері компания Қазақстандағы инфрақұрылымды дамытуға инвестиция салып келеді және республикадағы интернет-сауда саласының әлеуметтік маңызды бес компаниясының қатарына кіреді. Ozon.kz платформасында кітаптар мен киімнен бастап азық-түлік пен тұрмыстық техникаға дейін 370 миллионнан астам тауар ұсынылған, олар жылдам әрі тегін жеткізіледі. Маркетплейсте бизнесін дамытатын 80 мыңнан астам жергілікті сатушы бар, ал белсенді сатып алушылар саны 700 мыңнан асты. Компания республикада тоғыз логистикалық орталықты басқарады және тапсырыстарды жеткізу пункттерін дамытуын жалғастыруда.