$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Қысқы Олимпиадада Қазақстан құрамасы 10 спорт түрінен бақ сынайды

30.12.2025ж. 19:00
Қысқы Олимпиадада Қазақстан құрамасы 10 спорт түрінен бақ сынайды

25-қысқы Олимпиада ойындарына Қазақстанның атынан 35 спортшы қатысуы мүмкін. Ұлттық команда спорттың 10 түрінен 58 медаль жиынтығы бойынша бақ сынайды. Жарыстың салтанатты ашылу рәсімі 6 ақпанда Милан қаласында өтеді, ал жабылуы 22 ақпанда Верона қаласында ұйымдастырылады деп жоспарланған. Спорт бәйгесміне бас-аяғы 93 елден 3 мыңға жуық адам қатысады. Қазір ел намысын қорғайтындардың киіп шығатын формасы дайын. Эскизі бекітілген, Халықаралық Олимпиада комитетімен келісіп жатыр.

ЕРБОЛ МЫРЗАБОСЫНОВ, ҚР ТУРИЗМ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРІ:

Қазіргі уақытта Софья Самоделкина мен Михаил Шайдоровтың мәнерлеп сырғанаудан 2 жеке ресми Олимпиада лицензиялары бар. Сонымен қатар, спортшыларымыз шорт-тректен 9, конькимен жүгіруден 12 лицензия жеңіп алды.

Олимпиадаға қатысты Премьер-министр мемлекеттік органдарға бірқатар тапсырма берді. Дайындықты жіті қадағалап, бюджет қаражатын тиімді пайдалануды жүктеді.

ОЛЖАС БЕКТЕНОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:

Мемлекет басшысы бұқаралық және кәсіби спортты дамыту әркез басымдыққа ие болып қала беретінін айтып келеді. Сондықтан Қазақстанда спортты дамыту бағытында кешенді шаралар қабылданып, спортшылардың сапалы даярлануы үшін тиісті жағдай жасалуда.