$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Биыл «Таза Қазақстан» акциясы аясында 844 мың тонна қоқыс жиналды

AstanaTV
30.12.2025ж. 19:00
Биыл «Таза Қазақстан» акциясы аясында 844 мың тонна қоқыс жиналды

Биыл «Таза Қазақстан» акциясы  аясында 1,1 млн гектар жер тазартылып, 844 мың тонна қоқыс жиналды. Экобастамаға 6 миллионнан астам отандасымыз атсалысқан.

Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы бүкіл елді біріктірді. Биыл 1,1 млн гектар аумақ қоқыстан аршылып, 844 мың тонна қалдық жиналды.

Алматылық экохабта былтыр 1 миллион 250 мың қақпақ жиналып, қайта өңделіп, үстел, шахмат, орындық секілді тұрмыстық бұйымдар жасалған. Тұрғындардан жиналған пластик, шыны, қақпақтар бір кәдеге жарап отыр.

ЛИНА КАРИМОВА, ҚАЛАЛЫҚ ЭКОХАБТЫҢ ЖАСТАР ЖӘНЕ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫМЕН ЖҰМЫС ЖӨНІНДЕГІ МЕНЕДЖЕРІ:

Бүкіл мектептің оқушылары қақпақтар жинайды, әрбір мектептен өз комьнюти центрге жақын жерге апарады. Сосын олардың салмағын анықтайды, бүкіл комьнюти центрден бізге жібереді. Біз әрбір мектепті жазамыз қанша килограмм әкелді.  Осы қақпақтар негізі свалкаға баратын еді. Бірақ олар бізге келеді и біз олардан пайдалы заттар жасаймыз.

Экологиялық ахуалды жақсарту – нақты жоспарды талап ететін іс. Әсіресе, Мемлекет басшысының 2 миллиард ағаш егу туралы тапсырмасы басты назарда. Бүгінде бұл межеге жету жолындағы стратегиялық мерзімдер қайта қаралып, жұмыс қарқыны жаңа арнаға бұрылды. 

ЕРЛАН НЫСАНБАЕВ, ҚР ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР МИНИСТРІ:

Мемлекет басшысының 2 млрд ағаш отырғызу тапсырмасы орындау мақсатында әрбір облыс бойынша кешенді жоспарлар жасалды,оған өзгерістер енгізілді.Мынау 27-ші жылға ұзартқанға байланысты.Сол себептен бүгін қарқынды жұмыс әр облыста жүріп жатыр.

2025 жылдың қорытындысы – тек құрғақ сандар емес, бұл өзгерген қоғамдық сана. 844 мың тонна қоқысты жинау істің бір парасы болса, оны жүйелі қайта өңдеу және табиғатты таза сақтау  үлкен жауапкершілік.Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» науқаны енді жүйелі жұмыс арнасына түсті. 2027 жылға дейінгі жоспар айқын: қоқыс өңдеу деңгейін арттыру, орман алқабын кеңейту және жаңа экологиялық мәдениет қалыптастыру. Тазалық  табалдырықтан басталады, ал ортақ үйіміздің ертеңі  бүгінгі әрекетімізге байланысты.