Қарағанды облысында көктайғақтың салдарынан 2 мыңға жуық көлік тұрып қалды. Ауа райының күрт нашарлауына, яғни жаңбыр жауып желдің соғуына байланысты аймақтағы республикалық және облыстық маңызы бар автожолдарда барлық бағытта қозғалыс уақытша шектелді. Кей бағыттар толық жабылған. 80 экипаж бен 160 полиция қызметкері тәулік бойы жолдың жағдайын бақылады. Бүгін таңертеңнен бастап Қарағанды – Теміртау бағыты бойынша – 500 ,керісінше Теміртаудан Қарағандыға 300 автокөлік,ал Ақмола облысының шекарасына дейін – 1200 автокөлік қауіпсіз өткізілді.
МЕДЕТ НҰРМҰХАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПД ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ БАТАЛЬОНЫНЫҢ КОМАНДИРІ:
Ауа райының күрт өзгерісіне байланысты Қарағанды облысынан барлық бағыттарға жол жабық. Жолдың көктайғақ болуы себебінен Қарағанды- Теміртау бағытына ілесіп алу шараларын жүргізіп жатырмыз.