Ерекше балаларға ерекше көңіл. Жаңа жыл мерекесі қарсаңында «AMANAT» партиясының «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында Шымкент қаласының Абай ауданындағы №135 жалпы орта мектебінде үй жағдайында білім алатын ерекше балаларға арналған мерекелік іс-шара өтті.
Қайырымдылық іс-шара барысында балаларға сыйлықтар табысталып, мерекелік көңіл-күй сыйланды. Мерекелік жиында сөз сөйлеген партия өкілі Ербол Байқонысов ерекше балаларды және олардың ата-аналарын жаңа жылмен құттықтап, партия тарапынан мұндай балаларды қолдау әрдайым басты назарда екенін атап өтті. «Әрбір бала мейірім мен қамқорлықты сезініп өсуі керек. Ерекше күтімді қажет ететін балаларға қуаныш сыйлау – біздің ортақ жауапкершілігіміз. Жаңа жыл әр отбасыға үміт пен шаттық әкелсін», – деді ол. Іс-шара барысында мәслихат депутатының демеушілігімен 15 балаға сый жасалды. Сонымен қатар, кішкентай өнерпаздар тақырыпқа сай ән шырқап, би биледі.
ЕРБОЛ БАЙҚОНЫСОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Біз кедергісіз орта тең қоғам құру ма қсатында осындай жобаларды іске асыруда біз белсене атсалысып жатырмыз. Мақсатымыз ерекше балаларды ерекше күтімді қажет ететені балалардың көңіл күйін және олардың біздің ортаға бейімдеу мақсатында бірінші кезектегі жүргізіліп жатқан біздің іс-шараларымыз боп табылады.
ТАЛҒАТ ЫСҚАҚОВ, ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ, КӘСІПКЕР:
Кәсіпкер ретінде біз ерекше балаларға үнеміз көңіл бөлеміз. Бүгін осы метепке келіп, 15 балаға жаңа жылдың сый сияпат табыстап отырмыз. Одан бөлек біз отандық өндірістен шыққан кілем өнімдерін балаларға кілемшелерді сыйлап жатырмыз. Бұл деген балалардың осы отандық қндіріске деген қызығушылығы, отандық өнімді қарап, ертеңде кәсіптің иесі болуға алғышарт болады деп ойлаймыз.
Айта кетейік, партияның қалалық және аудандық филиалдары жаңа жылдық «Серпантин» қайырымдылық акциясы аясында және мәслихат депутаттарының қолдауымен бүгінге дейін жүздеген балаға сыйлықтар үлестірді. Олардың қатарында әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан шыққан және ерекше күтімді қажет ететін балалар бар.Жалпы, жыл басынан бері «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында 223 іс-шара ұйымдастырылып, қоғамның осал топтарын қолдауға бағытталған жүйелі жұмыстар атқарылған.