$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Ақтауда жаңа өрт сөндіру депосы ашылды

AstanaTV
30.12.2025ж. 19:00
Ақтауда жаңа өрт сөндіру депосы ашылды

Ақтауда жаңа өрт сөндіру депосы ашылды. Ол шамамен 40 000 адамның өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етпек. Депо жергілікті бюджет қаражаты есебінен салынды. Нысан заманауи өрт сөндіру-құтқару техникаларымен жабдықталған. Мұнда қызметтік, тұрмыстық және оқу бөлмелері, демалыс орындары, сондай-ақ техникаларды орналастыруға арналған орындар қарастырылған. Бұл жеке құрамның тәулік бойы кезекшілік етуіне толық мүмкіндік береді. Сонымен қатар нысан аумағында екі қабатты тұрғын үй мен өртсөндірушілердің дене дайындығын шыңдауға арналған спорт залы бар. Айта кетейік, құрылыс барысын «AMANAT» партиясының мүшелері жіті бақылауда ұстады.

НҰРИ ТҰМЫШЕВ, МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Енді мына 26 жылдың қарсаңында Маңғыстау облысының Ақтау қаласында «AMANAT» партиясының сайлау алды бағдарламасы халықпен бірге бағдарламасында 43 пунктінде тұрған өрт сөндіру депосы деген үлкен біздің нысанымыз бар еді, сол міне бүгін ашылып жатыр.Бұл халықтың игілігіне берілген сый деп есептеймін.