ТЖМ құтқарушылары 35 адамды жылыту пунктіне жеткізді, деп хабарлайды Astana.tv.
Абай облысының Жарма ауданында республикалық маңызы бар автожолда қозғалыс шектелуіне байланысты Калбатау ауылының блок-бекетінде «Зайсан — Өскемен» бағытындағы 35 жолаушысы бар автобус қалып қойды.
ТЖМ құтқарушылары полиция және жергілікті атқарушы органдармен бірге 35 адамды, оның ішінде 5 бала, жақын маңдағы жылыту пункттеріне жеткізіп орналастырды. Медициналық көмек ешкімге қажет болмады, -делінген ведомство хабарламасында.