"Қазавтожол" 31 желтоқсанда республикалық маңызы бар автожолдардың бірқатарында ауа райы қолайсыз болатынын ескертті.
Ақмола, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Ұлытау, Қызылорда, Түркістан, Батыс Қазақстан, Алматы, Жетісу, Жамбыл, Атырау, Қостанай, Абай және Павлодар облыстарының кей жерлерінде қар аралас жаңбыр мен қар жауып, жол қозғалысы қиындауы мүмкін.
Осыған байланысты жүргізушілерге жылдамдық режимін қатаң сақтап, қауіпсіз арақашықтықты ұстану, сондай-ақ жолдағы ауа райының қолайсыздығын ескеру ұсынылады.