$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Алматы облысының Балтабай ауылында 152-ші ерікті өрт сөндіру бекеті ашылды

31.12.2025ж. 14:40
Алматы облысының Балтабай ауылында 152-ші ерікті өрт сөндіру бекеті ашылды

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы «Ауыл құтқарушылары» ведомстволық бағдарламасы аясында ерікті өрт сөндіру бекеті ашылды.

Нысанның ашылуы Төтенше жағдайлар министрлігінің еліміз бойынша ерікті өрт сөндіру құралымдарының желісін дамыту жөніндегі бастамасы аясында, сонымен қатар демеушілер мен жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен мүмкін болды.

Балтабай ауылындағы өрт сөндру бекеті 7 елді мекеннің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Қызмет көрсету аймағындағы халықтың саны 9 мыңнан астам адамды құрайды.