$541.34 €640.73 ₽6.53
×

«Абай жастары» тұрғын үй бағдарламасы басталады

31.12.2025ж. 15:33
«Абай жастары» тұрғын үй бағдарламасы басталады
Фото: Abai.kz

Семей қаласы әкімдігі «Отбасы банк» АҚ бірлесіп 2026 жылдың 5 қаңтарынан бастап «Абай жастары» бағдарламасын іске қосады, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Бағдарламаға 18–35 жас аралығындағы Семей қаласының жастары қатыса алады. Оның ішіне түрлі салада еңбек етіп жүрген жас мамандар мен жас отбасылар кіреді. Құжаттарды қабылдау ағымдағы жылдың 5 қаңтарынан басталады, — делінген хабарламада.

Қатысу шарттары Семей қаласы әкімдігінің ресми сайтында және @semey_turgyn_ui_bolimi, @otbasybank_semey инстаграм парақшаларында жарияланады.