$541.34 €640.73 ₽6.53
×

5 жылда шәкіртақы 100 пайызға артты

31.12.2025ж. 18:50
5 жылда шәкіртақы 100 пайызға артты
Фото: ашық дереккөз

2020 жылдан бері білім беру гранттарының көлемі ұлғайып, бакалавриат бойынша 100%-ға, магистратура және доктарантура стипендиялары 75%-ға өсті. Сондай-ақ биыл білім беру саласында маңызды 3 заң қабылданды. Бұл туралы Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру комитетінің төраға орынбасары Жанна Есинбаева айтты.

«Бір жыл ішінде жоғары білімге қолжетімділікті қамтамасыз ететін «Келешек» ерікті жинақтау жүйесі туралы және жоғары оқу орындарының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ететін эндаумент қорлары мен қаржыландырудың жаңа моделін енгізу туралы үш заң қабылданды», - деді Жанна Есинбаева.