«Қазгидромет» қауіпті метеорологиялық құбылыстарға байланысты еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жариялады.
БҚО, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, ШҚО, Қызылорда, Жамбыл, Абай және Жетісу облыстарында көктайғақ болады;
БҚО, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, СҚО, Павлодар, Қарағанды, ШҚО, Жамбыл және Абай облыстарында қар жауып, боран соғады;
Алматы, БҚО, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, СҚО, Қарағанды, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Ұлытау және Жетісу облыстарында, сондай-ақ Алматы және Қонаев қалаларында тұман түседі.