$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Елімізде жасанды интеллект мамандандырылған зерттеу университеті ашылады

05.01.2026ж. 18:07
Елімізде жасанды интеллект мамандандырылған зерттеу университеті ашылады
фото: pixabay

Президент «Turkistan» газетіне берген сұхбатында цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні Қазақстанның дамуы үшін басым бағыт деп атап өтті. Елімізде мемлекет көрсететін қызметтер, қаржы технологиялары және экономиканың бірқатар секторын цифрландыру бойынша нақты нәтижелерге қол жеткізілді.
 

«Қарашада «Жасанды интеллект туралы» заңға қол қойылды. Жақында күшіне енеді. Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі құрылды. Alem.Cloud және Al-Farabium деп аталатын екі суперкомпьютер іске қосылды. Көп ұзамай Жасанды интеллект мамандандырылған зерттеу университеті ашылады», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.