$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Қызылордалық ғалымдар адам бойындағы қартаю процесін тежейтін белсенді қоспа ойлап тапты

Қызылордалық ғалымдар адам бойындағы қартаю процесін тежейтін белсенді қоспа ойлап тапты

Енді бет-әлпетіңіздегі әжімдерді ғана емес, ағзаның қартаюын тежеуге мүмкіндік бар.  Қызылордалық ғалымдар ерекше қоспа ойлап тапты. Мамандардың айтуынша, биологиялық белсенді жан-жақты тексерілген, тиімділігі дәлелденген. Біздің тілшіміз лабораторияда болып, процесті   көріп келді.

Меруерт Төлегенқызы -23 жаста. Бұрын бірнеше жоба бойынша  ғалымдар тобымен жұмыс істеген. Ал бұл жолғы зерртеуін 1 жыл жүргізіпті. Маралдың мүйізі мен жантақ сығындысы негізінде жасалған қоспа қартаю процесін тежейді дейді. Бастама шетелдік лабораторияларда да жан-жақты зерттеуден өтіп, мемлекет тарапынан қолдау тапқан. Енді биопрепарат өндіріске енгізілмек.

МЕРУЕРТ ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, ҒАЛЫМ:

Зиянды бөлектерді 2 экстрактінің құрамындағы антиоксиданттық заттар, антиоксидаттар яғни бейараптандырады, зиянды заттарды. Сол арқылы жасушамызға зиян тимейді. Олардың қозғалысы оңай болады. Адамға энергия береді. Сондай биологиялық қосымша зат болып табылады.

Қызылордалық ғалымдар бүгінде іргелі және қолданбалы зерттеу жұмыстарымен айналысады. Алғашқы бағыт бойынша 5 жоба гранттық негізде қаржыландырылған. Сонымен қатар,  күріш қауызы мен сабанын өртемей, пайдаға жарату жолдарын да қарастыруда. Одан алынатын майдың ісік ауруларына қарсы әсері жан-жақты зерттелуде. Мұндай тың жобалардың мемлекет тарапынан қолдау табуы, жас ғалымдарды да шабыттандырады дейді.

НҰРБОЛ АППАЗОВ, ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ЗЕРТТЕУШІ ПРОФЕССОРЫ:

Елдің өркениетті елдер қатарына қосылуы тікелей ғылымға бөлінетін қаржы мөлшерімен есептеледі. Қазір қаржының көптеп бөлінуінің арқасында біз жастарға осы жобаларға қосып өзімізбен бірге иық тіресе отырып ғылыми зерттеу жүргізіп, олардың ғалым ретінде ашылуына, қалыптасуына білім деңгейінің, практикалық дағдыларының қалыптасуына үлкен жағдайлар туындауда.

Мемлекет басшысы 2026 – «Білім және зерттеулер жылы» деп жариялауды ұсынды.  Бұл елімізде ғылыми ынтымақтастықты кеңетуге және ғылымды қоғамның негізгі драйвері етуге түрткі болады дейді мамандар.