$541.34 €640.73 ₽6.53
×

"Күдіктілер тұрғын үй, пәтер, 5 автокөлік сатып алған, отбасылық мейрамхана салған",-ҚР ҚМА

"Күдіктілер тұрғын үй, пәтер, 5 автокөлік сатып алған, отбасылық мейрамхана салған",-ҚР ҚМА

Қызылордада цифрлық активтердің заңсыз айналымын ұйымдастырып, есірткі сатып пайда тауып келген қылмыстық топ әшкереленді. Қаржылық Мониторинг агенттігі Қызылорда облысы бойынша департаментінің мәліметінше, қос күдікті 1 жыл бойы цифрлық активтерді айырбастау операциясын жүргізген. Олар заңсыз жолмен 1,88 млрд теңгені айналымнан шығарған. Сонымен қатар, «Телеграмм» арналар арқылы есіркі сатудан түскен 603 млн теңгені заңдастырған. Түскен қаржыны бас пайдаларына жаратқан күдіктілерге қатысты тергеу аяқталып, іс сотқа жолданды.

ЕРНАР ТАЙЖАН, ҚР ҚМА РЕСМИ ӨКІЛІ:

Схемада шетел азаматтарының атына тіркелген дроп-карталардың ұйымдасқан желісі пайдаланылған. Қылмыстық жолмен алынған табысқа күдіктілер тұрғын үй, пәтер, 5 автокөлік сатып алып, сондай-ақ, отбасылық мейрамхана салған. Сот санкциясымн аталған мүлікке тйым салынды.