$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Атырау облысында тұтас бір отбасы із-түссіз жоғалып кетті

Атырау облысында тұтас бір отбасы із-түссіз жоғалып кетті

Атырау облысында тұтас бір отбасы із-түссіз жоғалып кетті. Қызылқоға ауданының Жанкелдин ауылының  тұрғындары ерлі-зайыпты Мақсот Қарабалин мен  Нәсіп Өтешқалиева және олардың  33, 36 жастағы ұлы мен қызының құмда ізі, сайда саны қалмай, жұмбақ жағдайда жоқ болған.  Алдымен ұлы Наурыз  жаз мезгілінде жұмысқа кетіп оралмаған, ал қараша айының басында туыстары қалған үшеуінен көз жазып қалыпты. Қазір туған-туыстары да,  полиция да шарқ ұрып іздеп жатыр. Алайда әзірге нәтиже жоқ. Шым-шытырығы көп оқиға туралы тілшіміз баяндайды.

Бұл – Мақсот Қарабалиннің үйі. Азық-түлік, мал-мүлкі сол күйі тұр. Құдды тіршілігі бар үй секілді. Алайда қараша айының басынан бері  баспана иесіз қалған. Туыстарының айтуынша, 4-қарашада Махамбет ауданында тұратын қызы мен күйеу баласы келген. Содан кейінгі жағдай тым жұмбақ. Ауыл чатында ұсақ малы сатыла бастаған соң туыстары дабыл қағып,  өткен жылдың желтоқсанында ғана полицияға арызданған.  Жоғалған азаматтың қарындасының айтуынша, олар бастапқыда ватсап желісімен сөйлесіп отырған.  Ұлы ата-анасын емдетуге алып  кеткенін айтқан.  Кейін хабарламаны оқып алып, жауап жазуды тоқтатыпты.

ӘСИЛӘ МҰҚАНҒАЛИЕВА, ҚАРЫНДАСЫ:

Қашан табылып ортамызға табылып, ортамызға тірі әкелсін, өлі әкелсін, денесін алып келе ме, табылса екен деп тілейміз. Тек тоқтатып тастамаса екен деп тілейміз. Аман есен табылса екен. Ағам да, жеңгем, Мейрамгүл, Наурыз інім бәрі ортамызға  оралыңдаршы. Сұлтан Ақбаянды қайда алып кеттің, бауырларымызды қайда жібердің бір хабарын біріңдерші.

Сол үйдің қызы мен күйеу баласы да қарашадан бері үйіне оралмаған. Кәмелетке толмаған 5 баласын ата-енесіне тастап, емделеміз деп кеткен. Полиция олардың Өзбекстан арқылы шетелге өткенін анықтапты. Туыстары соңғы кезде анасы мен қызының арасында да түсінбеушілік болды,- дейді.

ӘСИЛӘ МҰҚАНҒАЛИЕВА, ҚАРЫНДАСЫ:

Махамбетке барғанда сұрадық, қыз бен күйеу қайда деп.  Бізге жауап бергені  балам Ақбаянды қаратуға алып кетті қарашада деді. Содан  сізге қашан хабарласты деп сұрадық.  Қарашаның 11і соқты деді. Содан кейін хабар жоқ. Осы уақытқа дейін  2 ай болды ғой. Неге құдағай күйеу баланың үстінен арыз түсірмеген?

Жоғалған ерлі-зайыпты- зейнеткер, екі баласы- 3-топ мүгедегі. Зейнетақы мен жәрдемақыға күнелтіп отырған, қақ-соқпен ісі жоқ, қарапайым отбасы,- дейді ауылдастары. Тыныш қана ауыл үрей құшағында қалған.  Полиция оқиға бойынша тергеуді бастады.  Тек облыс емес, еліміздің барлық аумағында іздеу жарияланған.

ҚҰТТЫБАЙ САДЫҚОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСТЫҒЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Емделу орындары және басқа да жеке емделу орындары тексерілуде, запрос бәрі берілді.  Яғни оның азаматтардың, тұлғалардың  құрылғылары,ұялы телефондары Қазақстан аумағынан қосылып өшірілгендері бәрі анықталды. Сонымен  қатар тағы да екі адамды іздестіру салудамыз. Алайда ата-анасы арыз түсірген жоқ. Қазіргі таңда ұшқыр топ құрылды. Ішкі істер минстрлігінен  екі қызметтер бөлінді. Қазіргі таңда оқиға орнында Қызылғоға уданында біздің топ қызмет атқарып жатыр.

БАЗАРГҮЛ НӘДІРҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Алғашында қылмыстық іс  із-түссіз жоғалу бойынша тіркелген. Алайда қазір Қылмыстық кодекстің Адам өлтіру бабына ауыстырыпты. Полицейлердің айтуынша,  жоғалғандардың ешқайсысы  жат ағымның тіркеуінде тұрмаған. Олар әлеуметтік желіде сан-саққа жүгірткен түрлі жорамалдар мен ақпараттарға сенбеуге шақырады.