Павлодарда жаңажылдық отшашудан 5 адам жарақат алды. Кенжекөл ауылының 33 жастағы тұрғыны жарылғыш затты қолында жарып көрмек болған. Салдарынан ауруханадан бір-ақ шықты. Қолы күйіп қалыпты. Ал 18 жастағы қала тұрғыны фейервергтің толық атылғанына көз жеткізбек болып, ішіне үңіле бергенде отшашу бетіне атылған. Соның кесірінен бір көзінен айырыла жаздады. Көзінің айналасы күйіп қалған. Зардап шеккендердің ішінде кәмелет жасына толмаған балалар да бар.
ҚАҺАРМАН БАЙМҰРАТОВ, ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫНЫҢ ТРАВМАТОЛОГ ДӘРІГЕРІ:
Жаңа жыл түні 2009 жылы туған бала түсті. От шашудан оң жақ иығы мен кеуде тұсы күйген. Екінші және үшінші дәрежелі күйік шалған. Қажетті ем-дом шараларын алып жатыр. Өміріне қауіп жоқ. Ал тағы бір баланың қолын термиялық күйік шалған. Науқасқа қажетті емдік шаралар жасалынды.